Коронавирус • 21 Наурыз, 2020

Қырғызстанда барлығы 14 адам коронавирус жұқтырған

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Кабар агенттігі хабарлады.

Қырғызстанда барлығы 14 адам коронавирус жұқтырған

«Бір адам «Манас» әуежайының бұрынғы «Ганси» базасында орналасқан обсервациялық орталықта болған және ол Франциядан келген. Кіші қажылықтан келген екінші адам Бішкектегі «Ақ кеме» қонақүйінде оқшауланғандардың ішінен шықты. COVID-19 вирусын жұқтырудың барлық деректері сырттан келген адамдардан анықталған», - делінген Коронавируспен күрес жөніндегі республикалық штаб ақпаратында.

Осылайша, қазіргі уақытта Қырғызстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 14 адамға жетіп отыр. Оның біреуі Джалал-Абад ауданының Баткен ауданында, 8-і Созақ ауданында және үшеуі Ош облысының Ноокат ауданында тіркелген.