Бүкіл әлемді дүр сілкіндірген коронавирустан кейін Италияның Венеция қаласы карантинге жабылғаны белгілі. Туристер аяғы сиреп, тұрғындар үйінен шықпаған соң, суда қалқыған шаһарға құстар оралып, ұя салған.
Сондай-ақ қала каналдарының суы тазарып, мөлдіреп, түбінде жүзген балықтар көрінеді. Мұның себебі мынада. Ең әуелі, қала каналдарында жүретін моторлы қайықтар тоқтаған. Нәтижесінде су лайланбай, тұнған. Осылайша каналдағы балықтар көрінген. Мұны байқаған құстар шаһарға оралған екен.
Бұдан бөлек, туристердің азаюы да қала экожүйесінің жаңғыруына оң әсер тигізіп отыр.