Аймақтар • 22 Наурыз, 2020

Алматыда коммуналдық қызметтердің ақысын төлеу жыл соңына дейін ұзартылды

447 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев төмендегідей шешім қабылдады.

Алматыда коммуналдық қызметтердің ақысын төлеу жыл соңына дейін ұзартылды

Төтенше жағдай салдарынан коммуналдық қызмет ақысын төлей алмай отырған Алматы тұрғындарына борыштарын жыл соңына дейін өтеуге мүмкіндік берілді. Мұндай мүмкіндік коронавирус індетіне байланысты жарияланған карантинге орай, коммуналдық қызметтерді уақытында төлеуге мүмкіндігі жоқ қала тұрғындары үшін жасалып отыр.

Бүгінгі күннен бастап карантиндік жағдайға байланысты қиын материалдық жағдайға тап болған тұтынушы телефон арқылы немесе электрондық сайттар арқылы қызмет көрсетушінің есеп айырысу бөліміне хабарласып, жылдың наурыз және сәуір айлары үшін төлемдердің мерзімін ұзарта алады.

Төлемдер бойынша кейінге қалдыру тек жеке тұлғаларға сумен жабдықтау және кәріз жүйесі үшін («Алматы Су» МКК), жылыту және ыстық сумен жабдықтау («Алматы жылу желілері» ЖШС), электр энергиясы («Алматыэнергосбыт» ЖШС), газбен жабдықтау («ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Алматы өндірістік филиалы), телефон байланысы («Алматытелеком» АТД) қызметтері бойынша беріледі.

Яғни, карантин кезінде коммуналдық қызметтерге қарызы бар тұрғындардың электр жарығы, суы, жылуы мен газы ажыратылмайды. Сонымен бірге ақысы төленбеген телефон байланысы да өшпейді.

Сондай-ақ жеке тұлғалар коммуналдық қызмет ақысын уақытылы төлемегені үшін айыппұлдар салынбайды.

Төлемдерді кейінге қалдыруды рәсімдеу үшін кәсіпорындардың call-орталықтарының мына нөмірлеріне хабарласуға болады:

«АлТС»: +7 (727) 341-07-77, info@alts.kz

- +7 (701) 098-45-05, ortalyc@alts.kz – «Орталық» КҚКО (Алмалы және Бостандық аудандарының тұрғындары үшін);

- +7 (708) 249-87-79, batys@alts.kz – «Батыс» КҚ (Алатау, Әуезов және Наурызбай аудандарының тұрғындары үшін);

- +7 (777) 969-84-46, shygis@alts.kz – «Шығыс» КҚ (Жетісу, Медеу және Түркісіб аудандарының тұрғындары үшін);

«Алматы Су»: +7 (727) 3-777-444, almatysu.kz және as-portal.kz;

«АлматыЭнергоСбыт»: +7(727) 356-99-99, 399-99-00, esalmaty.kz

«ҚазТрансГаз»: +7 (727) 244-55-33, ktga.kz;

«Алматытелеком»: 160, +7 708 000-01-60, telecom.kz;

 Тәртіп АҚ: 7 (727) 344-19-19, +7 (727) 393-08-05, +7 (727) 393-08-03, tartyp.kz;
«Алматы лифт»: +7(727) 390-28-19.

 

АЛМАТЫ