Қазақстан • 22 Наурыз, 2020

Жаңа жыл елімізге амандық, жұртымызға тыныштық әкелсін - Д. Абаев

353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Наурыз мерекесімен құттықтады.

Жаңа жыл елімізге амандық, жұртымызға тыныштық әкелсін - Д. Абаев

«Құрметті достар! Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Жаңару мен жаңғырудың бастауы, ырыс пен молшылықтың арқауы іспеттес бұл мейрамды халқымыз айрықша ықылас-үмітпен, ізгі амал-тілекпен қарсы алған. Біз де қиындықтар мен сынақтардың барлығы өткен жылдың еншісінде қалып, жаңа жыл елімізге амандық, жұртымызға тыныштық әкелсін деп тілейік. Басталған жаңа мүшел – жаңа дәуірде егемен еліміз қарқынды дамып, қуатты мемлекетке айналсын! Әз-Наурыз Отанымызға береке-бірлігімен, әрбір шаңыраққа шаттық-несібесімен келсін!» делінген министрдің Facebook парақшасындағы құттықтауында.