Қазақстан • 22 Наурыз, 2020

Әскери қызметшілер бір күндік жалақыларын коронавируспен күреске аударды

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қорғаныс министрлігінің əскери қызметшілері  өздерінің бір күндік жалақыларын коронавируспен күресу үшін құрылған қорға аударды. Қаржылай көмекті аудару шешімі ерікте түрде қабылданды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Әскери қызметшілер бір күндік жалақыларын коронавируспен күреске аударды

Қарулы Күштерінің жеке құрамы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың идеясын бірауыздан қолдап, осылайша армияның инфекцияның таралуына қарсы күресте барлық мүмкін болатын көмек беруге дайын екендігін тағы бір мәрте көрсетті.
Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанның тұңғыш президенті, Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға үндеу тастап, «қауіп-қатерге қарсы бір мемлекеттің күш-жігері жеткіліксіз, сондықтан әрбір азамат өз үлесін қосуы керек»,- деп ұсыныс жасады.

Сондай-ақ қаражат жинау үшін республикалық қор құру ұсынылды. Қазіргі таңда бұл идеяны Елбасы кеңсесі қызметкерлері мен Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары қолдады.