Коронавирус • 22 Наурыз, 2020

Алматыда Ыстамбұл рейсімен келген тағы бір әйелден індет табылды

581 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл жөнінде бүгін 22  наурызда Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысы Тілеухан Әбілдаев хабарлады.

Алматыда Ыстамбұл рейсімен келген тағы бір әйелден індет табылды

Бүгін Алматыда COVID-2019 жұқтырған 23-ші жағдай анықталды.  Бұл 15 наурыз күні Ыстамбұл-Алматы рейсімен ұшып келген, вирусы бұған дейін расталған адаммен байланыста болған әйел.

Осыған байланысты, ол Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында карантинде болған. Бұдан басқа, ол кісіде ЖРВИ-ға ұқсас, катаральды симптомдар болған. Қазір пациенттің жай-күйі – бірқалыпты.

Бүгін коронавирус диагнозы анықталған Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында 20 пациент және Балалар жұқпалы аурулар ауруханасында 2 бала және 1 ана бар. Қазіргі күні екі баланың жай-күйі – оң динамикамен жақсарумен, орташа ауыр, қалған науқастарда – қанағаттанарлық.

22 наурыз күні  күні 4 провизорлық госпитальда 631 адам, 1243 адам үй карантинінде жатыр. Карантиндегі барлық адамның денеқызуы бірқалыпты, катаралдық құбылыстар жоқ.

Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін мына нұсқауларды мүлтіксіз орындау қажет:

- қолды жиі жуып, антисептиктерді қолданған жөн. Қолды сабынмен әрбір жарты сағат бойына 20 секунд бойы жуу керек. Егер жақын маңда қол жуатын орын, сабын болмаса, онда микробтарды кәдімгі антисептикпен жоюға болады;

- бөлмені жиі желдету қажет;

- қоғамдық орындардан аулақ болған жөн;

-  қол алысуға және басқа да жақын байланыс жасауға болмайды;

- иммунитетті күшейту  қажет;

-  сұйық тию және тұмау ауруларының белгілері (симптомдары) байқалса, өзін жайсыз сезінсе, құрғақ жөтел болса, онда бірден емханадан дәрігерді немесе жедел жәрдемді шақыру қажет әрі маска киген жөн.

Анықтама үшін 1406 нөмірі бойынша сall-орталық тәулік бойы жұмыс істейді.

 

АЛМАТЫ