Президент • 23 Наурыз, 2020

Төтенше жағдай режимін бұзғандар үшін жаза енгізу қажет - Президент

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

16 наурыздан бері төтенше жағдай режимін бұзудың 18 фактісі орын алған. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында айтты.

Төтенше жағдай режимін бұзғандар үшін жаза енгізу қажет - Президент

«Карантин кезінде белгілі талаптарды бұзғандар үшін жаза енгізу қажеттігі туындап отыр. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін менің Жарлығыммен адамдар көп жиналатын нысандардың қызметі шектеліп, әртүрлі іс-шаралар өткізуге тыйым салынған болатын. Алайда шектеудің жиі бұзылатындығын көріп отырмын», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, 16 наурыздан бері Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарын қоса алғанда төтенше жағдай режимін бұзудың 18 фактісі орын алған.

«Кінәлілер ескерту немесе айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Барынша қатаң санцияларға көшетін кез келді. Сонымен қатар мұндай фактілерді алдын алу мақсатында БАҚ-та кеңінен жариялау керек», деді Президент төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында.