Қоғам • 23 Наурыз, 2020

Шодиев халықаралық қоры Өзбекстанға коронавируспен күреске 200 млн доллар бөлді деген ақпарат жалған

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Шодиев халықаралық қорының баспасөз қызметі хабарлады.

 

Шодиев халықаралық қоры Өзбекстанға коронавируспен күреске 200 млн доллар бөлді деген ақпарат жалған

«Шодиев халықаралық қоры Қазақстанның әлеуметтік желілерінің кейбір пайдаланушылары «Патох Шодиев Өзбекстанның коронавирусқа қарсы іс-қимыл шараларына 200 млн АҚШ доллары көлемінде қаражат бөлді» деп жариялап жатқан мәліметтердің шындыққа сай келмейтіндігін ресми мәлімдейді» делінген хабарламада.

Айта кетейік, Шодиев халықаралық қоры (ICF) – Патох Шодиев 1996 жылы негізін қалаған үкіметтік емес қайырымдылық қоры. Қор ТМД, Азия және Еуропа елдерінде қайырымдылық жобаларымен айналысады.