Осылайша, биылғы жылдың 20 наурызынан бастап мүліктік жалға алу келісімшартын жасағанжалға алушыларға 3 ай мерзімге жалдау есебітоқтатылады.
Бұл ретте жалға алу төлемін тоқтата тұру Алматы қаласындағы төтенше жағдай жарияланған және карантинге байланысты жалға алу төлемдерін уақытылы төлеуге мүмкіндігі жоқ шағын және орта бизнес субъектілеріне ғана беріледі.
Бұл шаралар кәсіпкерлік субъектілеріне жұмыс орындарын сақтауға және еңбекке ақы төлеудің тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Анықтама үшін «Алматы қаласының мемлекеттік активтер басқармасы» КММ-нің мына телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады: + 7 (727) 390-18-30, + 7 (727) 390-18-24.