Аймақтар • 24 Наурыз, 2020

Алматыдағы Алатау ауданының қараңғы 15 көшесі жарыққа қосылды

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тікелей тапсырмасы бойынша «Шекарасыз қала» бағдарламасына сәйкес, Алатау ауданының 15 көшесіндегі жарықтандыру жұмыстары аяқталды.

Алматыдағы Алатау ауданының қараңғы 15 көшесі жарыққа қосылды

Ендігі жерде аудан аумағындағы бұрын жарыны болманан 2024 көшені жарықтандыру жұмысы қолға алынып, жүйелі жұмыс басталып та кетті.

Дәл қазір аудандағы «Мәдениет» шағын ауданында жөндеу жұмыстары қызу басталды. Осы аумақтағы 17 көшеге жүргізілген құрылыс монтаж жұмысы аяқталып, 15 көше жарықтанды.

Қалған екі көше наурыздың соңына дейін жарыққа қосылатын болады.

Аудан көлемінде осы бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып жатыр.