Қазақстан • 24 Наурыз, 2020

Баланы кітап оқуға баулу, әсіресе, бүгінгі жағдайда маңызды

362 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгінде мектеп оқушылары демалыста, төтенше жағдайға байланысты Түркістан облысында балабақшалар жұмысын уақытшатоқтатты.

Баланы кітап оқуға баулу, әсіресе, бүгінгі жағдайда маңызды

Яғни бала атаулы үйде отыр, ата-анасының қасында. Өз перзентіне бар жақсылықты тілейтіндер үшін бұл баланың кітап оқуға құмарлығын, ізденімпаздығын, дүниетанымын кеңейтуге талпынуы мен дұрыс ақпаратты таңдауын қалыптастыру, қоғамда теріс ағымның ықпалына түсіп қалмауына ықпал ету мүмкіндігін еселей түсер сәт. Осы орайда айтыскер ақын, «Отырар» кітапханасының директоры Анар Жаппарқұлова көпшілікті баланы кітап оқуға көбірек баулуға және ең бастысы көркем әдебиеттісүюге көмектесуге шақырады.

Менің егіз ұлдарым бірінші сыныпта оқиды. «Сыныпта бәрінде сотка бар, бізде ғана жоқ» деп шағымданады. Олар күніне жүз сұрақ қойса, мен жүзіне де жауап беремін.  Себебі, олардың дүниетанымы нәзік мәселе. Ата - ана жан-жақтыболуы тиіс. Баламды мен тәрбиелемесем,  көше тәрбиелейді. Бала алмаған ақпаратвакуум. Вакуум ешқашан бос тұрмайды. Оны сіз толтырмасаңыз, қоқыспен толуы ықтимал. Шетелде «Сен ақылды болсаң, неге ақшаң аз?» деген түсінік бар.  Кейінгі буын ақша табу үшін өмір сүрмей, өмір сүру үшін ақша тапса екен.  Бұл екі жолда өз ісін жақсы көретін, адал жолдан тайқымайтындар ұтымды нұсқаны таңдайды.  Адам рухани бай болса, ақшаға тәуелді психология туындамайды. Материалдық құндылық пен моральдық құндылықты ажырата алады.  Қазіргі жастар қандай кітап оқиды? Адамдар депрессияда жүргендіктен, психологиялық кітаптар оқиды. Материалдық баюға, ақшаны қалай жұмсауға негізделген кітаптарды оқығанша, көркем әдебиет оқылса екен. Ғалымдардың адам өзіне ұнайтын кітапты оқығанда, күйзеліс факторлары сейіліп, қоршаған орта әсерін басқа әсерге алмастыруға мүмкіндік туатынын дәлелдегені мәлім. Яғни бүгінгідей төтенше жағдайда күйзеліске жол бермеу маңызды. Қазіргі жастар өте ақылды, білімді. Олардың таңдау еркі мен талғамын қалыптастыру керекпіз, – дейді Анар Жаппарқұлова.

 

Түркістан облысы