Аймақтар • 24 Наурыз, 2020

Түркістанда алты бағытқа бақылау - өткізу бекеті қойылған

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан қаласына кіретін- шығатын жеті жол бар болса, соның негізгі 6 бағытына бақылау - өткізу бекеті қойылған. Сақтық шараларының маңыздылығы ескеріліп, қалаға кіріп жатқан көліктердегі әрбір азаматтың дене қызуы өлшенуде.

Түркістанда алты бағытқа бақылау - өткізу бекеті қойылған

Әсіресе, Нұр - Сұлтан, Алматы және шетелдік нөмірлі көліктерді тіркеуге алу бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарына ерекше мән берілуде. Бекеттерде полиция, дәрігерлер, жедел-жәрдем, төтенше жағдай қызметкерлері тәулік бойы қызмет етеді.

Олар үшін барлық инфрақұрылым жүйесі, яғни, су, жарық, дәретхана, шатыр қарастырылған. Жалпы, облыс орталығында індеттің алдын алу шаралары қоғамдық орындарда күшейтілген режимде атқарылуда.

 

 

Түркістан облысы