– 117 мың түлекке арналған жақсы жаңалық: Білім және ғылым министрі Askhat Aimagambetovтың бастамасын жалғастырып, testcenter.kz сайтымызда Ұлттық бірыңғай тестілеудің онлайн байқау сынақтарын тегін еттік. Бұған қоса, тесттер базасын максималды түрде жаңартып, әр пәннен 70 бірегей нұсқа енгіздік, – деп сүйіншіледі Д.Смағұлов өзінің фейсбуктегі ресми парақшасында.
Оның мәлімдеуінше, Ұлттық тестілеу орталығы коммерциялық ұйым болғандықтан өзін-өзі қаржыландырады. Өйткені мемлекет басты қажеттіліктерге (жиһаз, компьютерлер және т.б. техникаға), жөндеу жұмыстары немесе оқыту шараларына, сонымен қатар қызметкерлердің қосымша төлемдері мен сыйақыларына бюджет (тек Орталық қызметкерлерінің 50% жалақысы бюджеттен келеді) бөлмейді. Сондықтан тест те ақылы болды. Бірақ еліміздегі төтенше жағдай кезінде талапкерлерге жағдай жасалып, ҰБТ сынағынан өтуге байланысты барлық төлемдер алынып тасталды.