Алматыда індеттің 15 ошағы тіркелсе, Алатау ауданындағы 2 жұқтыру ошағы бар: Заря-Восток ықшамауданы, Сары-ой к-сі, 234 үй мен Ақкент ықш., 7-де орналасқан.
Алмалы ауданы бойынша 4 ошақ. Яғни Желтоқсан көшесі, 125; Байтұрсынов көшесі, 78/1; Жароков көшесі, 16; Жароков көшесі, 7-де орналасқан.
Медеу ауданында инфекцияның 3 ошағы тіркеліп отыр. Олар Зенков к-сі, 59; Достық к-сі, 162; Гоголь к-сі, 75.
Жетісу ауданында – 2 ошақ бар. Еңлікгүл, 34а, Волочаевская көшесі, 51.
Түрксіб ауданында 4 ошақ тіркелді. Алтай-1, 8; «Жас қанат» ықшамауданы, 86; Майлин көшесі, 77; Спасская көшесі, 63.
Қала билігі алматылықтарды карантин режимін қатаң сақтауға, карантиндік аумақта жүруден аулақ болуға, жеке гигиена шараларын сақтауға, туыс, дос, әріптестері мен және т.б. адамдармен қарым-қатынасты шектеуді сұрайды. Мұндағы мақсат – әр адамның өзін коронавирустық инфекция жұқтырудан сақтау, туғандары мен жақындары және айналасындағыларға да жұқтыру қаупін төмендету. Қала әкімдігі, медициналық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметтері тарапынан індеттің ошақ аумағынан тыс жерге таралып кетпеуі үшін күшейтілген іс-шаралар атқарылуда.
Өз кезегінде қаланың әрбір тұрғыны қаладағы жағдайға түсіністікпен қарап, жауапкершілік танытқан кезде індет жұқтырушы тұлғаларды тез анықтап, жедел түрде оқшаулауға мүмкіндік бар.
Клиникалық симптомдар пайда болғанда (дене қызуының көтерілуі, құрғақ әрі ұзақ жөтел, әлсіздік) учаскелік дәрігерді телефон арқылы үйге шақыру керек немесе жедел медициналық жәрдем дәрігерін шақырған абзал.
Өзін-өзі емдеумен айналыспай, дәрігердің тағайындаған дәрілерін қабылдау керек. Мынандай алдын алу шараларын сақтау қажет:
– үй-жайларды күніне кемінде 2 рет желдету;
– күн сайын үйді жуып, тазалау;
– қолды сабынмен жиі жуу;
– жеке ыдыс, жеке гигиена құралдарын (сүлгі, тіс пастасы, ұстара аспаптары және т.б.) пайдалану.
Коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған азаматтар тұрғылықты мекенінде немесе жұмыс орнында вирус жұқтырушымен соңғы кездескен уақыттан бастап инкубациялық кезең бойына (14 күн) өзін-өзі оқшаулау режимін қатаң сақтау (үй карантині, сыртқа шығуға тыйым салынады) қажет.
Кез келген сұрақтар бойынша 1406 және Open Almaty 1308 нөмірлері бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталыққа хабарласуға болады. Катаралды белгілері бар адамдар анықталған жағдайда дереу қаланың санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің тәулік бойы жұмыс істейтін 382-33-50 нөміріне хабарлау керек.