Аймақтар • 24 Наурыз, 2020

Алматы: Зейнеткерлердің зейнетақыларын үйлеріне әкеп береді

460 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Карантин кезінде Алматы зейнеткерлерінің зейнетақыларын үйлеріне жеткізіп береді. Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Қазпочта» АҚ АФ директоры Әлия Сүгірбаева айтты.

Алматы: Зейнеткерлердің зейнетақыларын үйлеріне әкеп береді

Оның айтуынша, 70 жастан асқан зейнеткерлер карантин кезінде зейнетақыларын үйінде отырып ала алады.

«Қала әкімдігімен бірге біздің зейнеткерлерге зейнетақыларын жеткізу жұмыстары жүргізілуде. «Қазпошта» 80 жастан асқан зейнеткерлерге қызмет көрсетеді, біз олардың зейнетақыларын үйлеріне жеткізіп береміз. Қазір 70 жастан асқан зейнеткерлер санатын да қамтамасыз етуге дайынбыз. Біздің барлық қызметкеріміз – почташылар мен курьерлер оған толық дайын, олар зейнеткерлердің қауіпсіздігі үшін барлық жеке қорғаныс құралдарымен жабдықталған», – деді ол.

«Бұдан өзге, «Қазпошта» карантин кезінде қала тұрғындарын қолдау бойынша Алматы әкімдігімен бірлескен жобаны жүзеге асыруға қатысады.

«Алматы қаласының әкімдігімен бірге халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарына қолдау көрсету үшін іске асырылып отырған жоба аясында «Қазпошта» логистикалық және азық-түлік себеттерін жеткізудегі басты серіктесі болып табылады. Бүгінгі күні филиал барлық күш-жігерін жұмылдырды – 70 машина курьерлермен штаттық тәртіпте жұмыс істейді. Олар қажет болған жағдайда қала тұрғындарына барлық әлеуметтік пакеттерді тәулік бойы жеткізетін болады», – деді Әлия Сүгірбаева.

Сонымен қатар, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында байланыссыз жеткізуді қамтамасыз ету мәселесі пысықталуда.