27 Тамыз, 2013

Жалаулы жарыстар

265 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Дзюдо. Кеше Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында дзюдодан кезекті әлем чемпионаты басталды. Оған 124 елдің өкілдері қатысуда.

Біздің елімізден бұл сынға ерлер арасында Асхат Тельманов, Елдос Ісметов (60 кг), Азамат Мұқанов, Сергей Лим (66 кг), Дастан Үкібаев (73 кг), Дәулетхан Жақыпов (81кг), Ислам Бозбаев (90 кг), Максим Раков (100 кг-ге дейін), Ержан Шын­кеев (100 кг-ден жоғары), әйел­дер арасында Айгүл Байқұлова, Алек­сандра Подрядова (48 кг), Ленария Менғазова (52 кг), Анар Сейтімова (78 кг-ге дейін), Гүлжан Исанова (78 кг-ден жоғары) күш сынасады.

Футбол. Жексенбі күні Қа­зақ­­стан Премьер-лигасының 24-тур ойындары өтті. «Астана» өз ала­ңын­да Шымкенттің «Ор­да­­­­басы» клу­бын қабылдап, 3:1 есе­бімен жеңіске жетті. «Шахтер» мен «Ертіс» 1:1, ал «Ақ­жа­йық» пен «Вос­ток» 2:2 есеп­те­рімен тең ой­на­ды. «Тараз» сырт алаңда «Же­ті­су­ды» 2:0 есебімен ұтты. Қос­та­­найдың «То­был» командасы «Аты­­раудан» 3:1 есебімен басым түсті.

Күрес. Сербияда өтіп жатқан кадеттер (жастар) арасындағы әлем чемпионатында екі бірдей балуанымыз алтын медаль алды. Әйелдер күресінен 43 килода сынға түскен Эльвира Әбілқайырова мен 40 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Светлана Анкичева әлем чемпионы атанды. Эльвира финалда болгар қызы Миглен Салишкадан, Светлана америкалық Регина Доидан басым түсті. Сонымен бірге, 56 килода Мәдина Бақбергенова мен оның 65 килодағы тәтесі Жәмила Бақбергенова қола жүлдеге ие болды. Осының алдында грек-рим күресінен Темірлан Шадукаев үшінші орын алған болатын.

Волейбол. Кеше Алматыда ерлер арасындағы Қазақстан Рес­­публикасы Президентінің Кубогы жолындағы халықаралық турнир басталды. 31 тамызға дейін өтетін турнирге әлемнің 8 елінің командасы қатысады. Соның ішінде бесе­уі ұлттық құрамалар болса, екеуі жас­тар құрамасы да, біреуі – біздің елдің екінші құрамасы. Олар екі топқа тең бөлінген.

«Егемен-ақпарат».