Коронавирус • 25 Наурыз, 2020

Шымкент: Коронавирус жұқтырған науқастың жағдайы белгілі болды

1158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Шымкентте коронавирус жұқтырған адамның жағдайы белгілі болды. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтында жарияланды.

Шымкент: Коронавирус жұқтырған науқастың жағдайы белгілі болды

Бүгінде Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған екі адам бар. 1970 жылғы науқастан алынған анализ оң нәтижесін берген. Коронавирус инфекциясы анықталған ошақта кешенді эпидемияға қарсы іс-шаралар атқарылып, қорытынды залалсыздандыру жұмысы толық жүргізілді. Науқастың қазіргі жағдайы бірқалыпты. Коронавирус инфекциясының диагностикасы мен емі бекітілген хаттамаға сәйкес терапия жүргізілуде.

Айта кетейік, бүгін диагнозы расталған азаматша - кеше коронавирус анықталған азаматтың туған анасы болып шықты. Баласымен тұрмыстық тығыз қатынаста болғандықтан, азаматша 24 наурыз күні жұқпалы ауруханалар ауруханасына жатқызылып, оқшауланған. Анализ алынып, 25 наурыз күні оң нәтижесін берген.