27 Тамыз, 2013

Қазанда қазақтарды оқиды

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Рафхаттын  фотосы

Татарстан 097

Қазан қаласында қазақтың біртуар ақындары Мағжан Жұмабаев пен Мұқағали Мақатаевтың өлең­­дер жинағы жарық көрді. Қалың оқырманға жол тартқан Мағжан Жұмабаевтың «Жан сөзі» деп аталатын өлеңдер жинағының таралымы – 1000 дана. Оны татар тіліне аударғандар – Нури Ар­сланов, Мөдәррис Әгьләм, Флера Тарханова, Рә­диф Гаташ. Мұқағали Мақатаевтың өлеңдер жина­ғы 500 данамен жарық көрген. Бұл жинақты ақын, бірнеше кітаптың авторы Назилә Усманова-Юсимова аударған. Бұйырса, татар оқырмандары көп кешікпей Қадыр Мырза Әлінің өлеңдерімен де сусындайтын болады.

Рафхат ХАЛЕЛОВ.

Суретті түсірген автор.

Қазан-Орал.