Коронавирус • 26 Наурыз, 2020

Tesla мен SpaceX жасанды дем алдыратын аппарат шығарады (видео)

676 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аты шулы Илон Маск коронавирустан қорқу ақымақтық деп елді бір шулатқан еді. Оның ойынша, қызметкерлер өз офистерінде жұмыс істей берулеріне болады және келесі айдың аяғында аурудың таралуы тоқталады.

Tesla мен SpaceX жасанды дем алдыратын аппарат шығарады (видео)

CОVID-19 індетінің вирусы адамның өкпесіне түссе ол ауруды асқындырып, тіпті кейде өлімге апарады. Сол жағдайды жеңілдету үшін науқасты жасанды дем алдыратын аппаратқа қосып қояды. Бірақ мұндай аппарат ауру тараған барлық елде жетіспей жатыр әрі қымбат тұрады екен.

Нью-Йорк мэрі Билл де Блазио Илон Маскке аппарат шығаруға қолқа салыпты.  Енді Tesla және SpaceX зауыттарында осы зәру затты шығармақшы. Бірақ Маск мырзаның айтуынша, оның өндірісі аппараттты шығаруға кіріскенше керек болмай қалуы бек мүмкін.

Соңғы жаңалықтар