«Экспресс-тестті елге жеткізетін бірнеше демеушіміз бар. Оларға рұқсат берілді. Алғашқы партиясы осы аптада келуі керек. Сараптама «Олимп» лабораториясында жасалады. Бұл тест вирус жұқтырғандарды анықтап қана қоймай, осыған дейін ауырып, індеттен айыққандарды да көрсетеді»,- деді Людмила Бюрабекова.
Айта кету керек, экспресс-тест ақылы түрде жүргізіледі.
Ал тесттен өту диспансерлік бақылауда тұрғандарға, созылмалы өкпе қабынуы аурулары барлар, вирус жұқтыру мүмкіндігі жоғары жандар, оның ішінде егде жастағы адамдар мен 18 жасқа дейінгі балаларға ұсынылады.