Әлем • 26 Наурыз, 2020

Карикатуршылар арасында «Біз коронавирусты жеңеміз» байқауы өтіп жатыр

460 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Біз коронавирусты жеңеміз» атты халықаралық байқауына қатысуға әлемнің 68 елінің карикатуршылары өтінім берген. Ал байқауға жіберілген жұмыстың жалпы саны екі мыңнан асты. Бұл туралы ИРНА агенттігі хабарлады.

Карикатуршылар арасында «Біз коронавирусты жеңеміз» байқауы өтіп жатыр

«Біз коронавирусты жеңеміз» халықаралық конкурсы медицина ғылымдарының Шираз университеті бейнелеу өнері орталығымен, Фатех мәдениет қорымен және Иранның Мәдениет министрлігімен бірлесіп ұйымдастырылған.

«Конкурстың аяқталуына 6 күн қалды, әлемнің 68 елінің карикатуршылары өтінім беріп үлгерді. Жұмыстың жалпы саны екі мыңнан асты» деп хабарлады байқаудың хатшысы Масуд Шоджаи Табатабаи.

Байқаудың басты мақсаты – коронавирус пандемиясымен күресуді қолдауға және эпидемияның одан әрі таралуын болдырмау үшін медицина мамандары ұсынған қауіпсіздік шараларын сақтауға қоғам назарын аудару.