«Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын алуға ұсынылатын жұмыстарды ресімдеуге қойылатын жалпы талаптары «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде http://adilet.zan.kz (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 49 бұйрығы) жарияланған.
Қойылған талаптарға сәйкес рәсімделген құжаттар мен материалдар авторлардың өздерінен немесе сенім білдірген тұлғаларынан Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссиясында 2020 жылғы 1 мамырға дейін мынадай мекен-жай бойынша қабылданады: Нұр-Сұлтан қаласы, «Министрліктер Үйі», 11-кіреберіс, 1049 бөлме, жабық тақырыптар бойынша 924 бөлмеде», делінген хабарламада.
Айта кетейік, үміткерлер туындаған сұрақтары болса, 8(7172) 74-16-59, 74-20-93, 74-24-84 анықтама телефондарына хабарласа алады.