Алайда АҚШ Оңтүстік Кореяда қолға алынған эпидемияны тоқтату мен бақылауға арналған шараларды ескермей, мүмкіндікті қолдан жіберіп алған. Ал сарапшылар аталған шаралардың сәтті болу ықтималдығы жоғары екенін айтады. Оқшаулануға шақыру жұмыстары әр түрлі нәтиже көрсетті. Бірі кеңеске құлақ асып, үйінде қалса, кейбірі ескертуді елемеді. Оған мемлекетте вирус таралып бастаған кездегі Флорида жағалауында халықтың демалып жатқан суреттер дәлел.
Әрі қарай басылым Трамп өзінің саяси мінберін губернаторларға қажетті қатаң шараларды қабылдауға саяси қолдау көрсету үшін пайдалануы керектігін жазады.
«Президенттің денсаулық сақтау мәселелері бойынша кеңесшілері ескерткендей, АҚШ-қа қиын күндер келе жатыр. Халықтың бұл қауіпке салғырт қарауы вирустың мемлекетте таралуына алып келді. Лондон империялық колледжінің зерттеушілері жүргізген талдау нәтижесі көрсеткендей, мемлекет қатаң шараларды қолға алмаса пандемия салдарынан 2 миллионға жуық халқын жоғалтуы мүмкін.
Кейбір мемлекеттерде оқшаулануға қатысты қатал шаралар қабылданған. Сейсенбіде Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди 1,3 млрд халыққа үйлерінен шығуға тыйым салды. Ол «Егер 21 күн үйде отыру қиын болса, еліміз 21 жыл бұрынғы қиындықтарға қайтып оралады» деді.
Мемлекет басшысы бұл жағдайды қолға алуы керек. Ол 24 сағат ішінде құрылымдар жұмысын тоқтатып, ал тұрғындар үйлерінен шықпауы керегін, дәріхана мен азық-түлік дүкендерден басқа жерге баруын тоқтатуы қажеттігін хабарлауы тиіс. Таза ауада серуендеуі үшін тұрғындар саябақтарда бір бірінен екі метр қашықтықта болғаны жөн», делінген хабарламада.
Сонымен қатар БАҚ өзінің ұсыныстарын да көрсетіп кеткен. Мәселен, Ақ үй пандемиямен күрес кезінде ұлттық стратегия мен іс-әрекет тәртібін анықтап, реттеуі керектігін ашық жазған. «Вице-президент Майк Пенс дағдарыспен күреске жауапты болса, президенттің күйеу баласы Джаред Кушнердің жеке сектормен жұмыс істейтін тобы бар. Кейбір жоғарғы көмекшілердің денсаулық сақтау саласындағы мамандармен сақтық шараларына қатысты қарсылықтары бар. Президент әкімшілігіндегі және әкімшіліктен тыс қызметкерлер бұл жағдайдағы жұмыс істеу моделін табу қиын екенін жеткізді. Бұл барлық деңгейдегі шешімдерді қабылдауды қиындатады.
Осы жағдайда федералды басшылықтың міндеті – ресурстарды бақылап, оларды қай жерде қолдануы керек екенін анықтау. Жүйе қажет жағдайда жұмысшылар мен тұрғындарды қауіпті аймақтан екінші бір қауіпсіз аймаққа еш қиындықсыз көшіре алатындай, құрылғыларды тасымалдай алатындай жақсы жұмыс істеуі керек.
Ақ үй кеш те болса осындай өзгерістерге бет бұрды деген белгілер бар. Сейсенбіде Федералды агенттіктің төтенше жағдайлар бойынша директоры Питер Гейнор өзінің құрылымы медициналық маскалар, тест жабдықтары сияқты вируспен күреске қажетті құралдардың сатып алуын жеделдету үшін Қорғаныс өндірісі туралы заңды қола алғанын мәлімдеді. Сол күні вице-президент Майк Пенс Ұлттық апаттық қордан 2 мың желдеткіштің Нью-Йорк шататына жөнелтілгенін хабарлады. Одан кейін сәрсенбіде тағы 2 мыңы жеткізілгені белгілі болды. Штатың болжамына сай төтенше жағдай кезінде аймаққа 30 мың желдеткіш қажет екен.
Қорғаныш құралдары мен құрылғыларынан бөлек вирус көп тараған аудандарда ауруханалардың аз екені білінеді. Әкімшілік Қорғаныс өндірісі туралы заңды қажетті медицина құралдарын тарату мен дайындау үшін қолдануы керек. Президент те әскерилер, резервтегілермен қоса Ұлттық гвардияны ауруханалар салу, тестілеу орталықтарын дайындау сияқты жобаларға жұмылдыруы керек», дейді New York Times.
Президент, вице-президент пен басқа да жоғары лауазымды қызметкерлердің күн сайынғы брифингтерге қатысуын тоқтату керектігін айта келе, мұндай шараларға жауапты адамды белгілеу қажеттігін хабарлайды. «Жауапты тұлғаның төтенше жағдайларды шешу бойынша тәжірибесі болған абзал.
Бұл басқа америкалықтар әлі де толық сезіне алмай жатқан денсаулық сақтау жүйесіндегі дағдарысқа тым өткір реакция сияқты көрінуі мүмкін. АҚШ-тың Қытай, Италия және басқа да мемлекеттердің жіберген қателіктерінен сабақ алып, содан түйген сабақты іс жүзінде қолдануға мүмкіндігі бар. Жалпыұлттық оқшаулану – вирустың таралуын тоқтата алатын жалғыз тәсіл», делінген басылым ұсынысында.