Қоғам • 26 Наурыз, 2020

Алматыда індетінен арылған алғашқы әйел өз үйіне оралды ма?

327 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін кешкі онлайн-брифингте Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысы Тілеухан Әбілдаев мегаполистегі 26 наурыздағы соңғы мәліметтерге сәйкес, 40 адамның дертті болғанын хабарлады.

Алматыда індетінен арылған алғашқы әйел өз үйіне оралды ма?

Сондай-ақ бүгін Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасынан COVID-19 науқасы қазақстандықтар арасында алғашқылардың қатарында расталған 1956 жылғы әйел емделіп шықты. Пациент еуропалық елдердің бірінде індет жұқтырған.

Алғаш жазылып шыққан алматылық вирусқа қарсы ем мен симптоматикалық терапияның толық курсын алды. Дерті симптомдарсыз өтіп, вирусқа қарсы емді жақсы, бірқалыпты қабылдады. Емдеу барысында асқынулар болған жоқ. Оны үйге шығармас бұрын екі рет қатарынан анализ жасалып, екі ретте де бақылау талдауы коронавирусқа теріс нәтиже көрсетті, деді Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысы Тілеухан Әбілдаев.

Тікелей эфирде жүрген онлайн-брифинг кезінде Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысына БАҚ тарапынан қойылған сұрақтар легі төмендегідей болды.

Неге жазылып шыққан пациентте коронавирустың ауру белгілері ауыр байқалған жоқ? Бұл денсаулығының мықтылығына байланысты ма?

Дәрігерлер науқастардың  жағдайының әртүрлілігіне қарап, коронавирус инфекциясына қатысты зерттеулер жүргізіп отыр ма?

Адам ағзасының індетпен күресудегі иммунитеті мен жасы маңызды ма? Бұл сауалдардың жауабы ресми нақтыланған жоқ.

Қоғамдық денсаулық басқармасының өкілдері сауығып шыққан пациент әлі де үйінде 14 күн карантинде болатындығын мәлімдеді.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, дерті бүгін расталғандарға келетін болсақ, 1995 жылы туған бірінші пациент 21 наурызда Нью-Йорк–Мәскеу–Алматы рейсімен ұшып келген.

Коронавирусы жаңадан расталған келесі адамдар бұрын жұқтырған адамдармен байланыста болғандар.

Барлық пациенттің қазіргі уақытта жай-күйі қанағаттанарлық.

Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханаларында қазіргі уақытта 40 пациент бар,оның ішінде екі бала бар.

38 пациенттің жай-күйі – қанағаттанарлық, 1 баланың жағдайы орташа, біреуінің жағдайы ауыр, ентігуіне байланысты өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Бүгінгі күні провизорлық госпитальдарда карантинде 938 азамат, оның ішінде 56 бала бар.

Карантиндегі барлық адамның дене қызуы қалыпты жағдайда.