Экономика • 26 Наурыз, 2020

Камералық бақылау жөнінде хабарлама жіберілмейді

558 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекеттік кірістер комитеті Төтенше жағдайға байланысты салық органдары анықтаған камералық бақылауды бұзғаны жөніндегі хабарламалар жіберілмейтінін мәлімдеді.

Камералық бақылау жөнінде хабарлама жіберілмейді

Төтенше жағдай кезінде қалыптастырылатын хабарламалар ағымдағы жылы талап қою мерзімі аяқталатын бұзушылықтарға қатысты болады.

Мысалы, ағымдағы жылдың 20 наурызында 2017 жылдың есепті кезеңдерінде, яғни ағымдағы жылы талап қою мерзімі аяқталатын кезеңдерге, ҚҚС бұзушылықтары бойынша (бұзушылықтар контрагенттердің деректеріне сәйкес ҚҚС салыстыру жолымен анықталған) 9G4 іске қосуы жүзеге асырылды. Атап айтқанда, 2017 жылдың 1-тоқсанына талап қою мерзімі ағымдағы жылдың 31 наурызында аяқталады. Бұл ретте хабарламаларды орындау мерзімі төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін, мамыр айына сәйкес келеді.

Салық кодексінің 46-бабына сәйкес талап қою мерзімі анықталған бұзушылықтар бөлігінде талап қою мерзімі өткенге дейін жіберілген және табыс етілген Хабарлама орындалғанға дейін ұзартылады.

Жоғарыда аталған іске қосу кезекті камералдық бақылауды жүзеге асырғаннан кейін, ҚҚС бойынша декларацияға немесе электрондық шот-фактураларға өзгерістер немесе толықтырулар енгізген салық төлеушілерге қатысты жасалғанын айта кету керек.

Іс жүзінде жеке салық төлеушілер талап қою мерзімі барысында салық міндеттемелеріне бірнеше рет өзгеріс енгізетіндіктен, постбақылау жүргізілуі қажет. Бұл қажеттілік талап қою мерзімінің өтуі жақындаған кезеңдегі салық есептілігі бойынша туындайды.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша келесі сілтемелерді пайдалануға кеңес беріледі:

https://www.kgd.gov.kz

https://www.facebook.com/kgd.gov.kz

https://www.instagram.com/press_kyzmet_kgd

https://twitter.com/KGD_MF_RK

https://t.me/kgdmfrk

https://dialog.egov.kz/blogs/32783/welcome

Төтенше жағдай кезінде тұрғылықты жері немесе орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарының байланыс орталықтарының қызметтерін kgd.gov.kz веб-сайтында «Біз туралы»/ «Халықпен жұмыс»/ «Мемлекеттік кірістер органдарының байланыс орталықтарының телефондары»  жолы бойынша, сондай-ақ  http://kgd.gov.kz/sites/default/files/telefonnye_nomera_kc.docx сілтемесі бойынша тізімде көрсетілген телефон нөмірлерін пайдалануға болады.

Сонымен қатар ҚР ҚМ МКК байланыс орталығына хабарласа аласыз:

WhatsApp:  +7 775 848 67 97

WhatsApp: +7 776 136 41 32

WhatsApp: +7 705 559 12 33

WhatsApp: +7 705 559 12 39

e-mail: Contact-center-kgd@mail.ru

https://t.me/KGDMFRK1414