Коронавирус • 26 Наурыз, 2020

Коронавирустан қайтыс болған әйел Ақмола облысының тұрғыны - ДСМ

1821 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Індеттен көз жұмған әйел Ақмола облысының тұрғыны екені белгілі болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Коронавирустан қайтыс болған әйел Ақмола облысының тұрғыны - ДСМ

- Бүгін қарқынды емге қарамастан, Ақмола облысының 64 жастағы тұрғыны ауруханада қайтыс болды. Денсаулық сақтау министрлігі науқастың туған-туыстарына көңіл айтады. Себеп - жаппай екі жақты пневмония, тыныс алу жетіспеушілігі, қант диабеті, гипертониялық ауру және атеросклероз аясындағы сепсис. Пневмонияның себебі - коронавирус. Ақмола облысында тұрады деп жазылған бұл пациент Нұр-Сұлтан қаласында облыстық көпсалалы ауруханада жатты. Оқиға географиялық жағынан алғанда Нұр-Сұлтан қаласында болғандықтан тіркеу де осы жерде жүргізілді, - делінген хабарламада.