Аймақтар • 27 Наурыз, 2020

Алматыда індеттің 20 ошағы бар

225 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің 26 наурыздағы түнгі дерегі бойынша Алматыда коронавирус ошақтары, яғни 20 кіреберіс карантинге алынды.

Алматыда індеттің 20 ошағы бар

Бірден айта кеткен жөн, Алматыдағы бірінші болып індет ошағы ретінде қоршауға алынған  Зенков көшесі, 59 мекен-жайынан 27 наурыз, сағат 00:00-ден бастап шектеу шаралары алынды. Мұндағы тұрғынның коронавирус инфекциясынан емделіп шыққаны бұрын да хабарланды. Аталған емделуші 14 күн үй карантинінде болады, медицина қызметкерлері денсаулық жағдайына мониторинг  жүргізеді.

Бүгінгі күні Алматы аумағында коронавирустық инфекцияның 20 ошағы бар.

Қазір кіреберістерге күшейтілген дезинфекциялық режим енгізілді, басқа үйлердің тұрғындарының қозғалысы мен кіруіне шектеу қойылды.

Карантин режимі  мерзім аяқталғаннан кейін алынып тасталады. 

Әуезов ауданында  2 індет жұқтыру ошағы ­ – Жетісу-2 ықшамауданы, 70а;  Мамыр – 4 ықшамауданы, 313 мекен-жайында орналасқан. 

Алатау ауданында 5 індет ошағы – Заря-Восток ықшамауданы,  Сары-ой көшесі, 234; Ақкент ықшамауданы, 7; Ақбұлақ ықшамауданы, 9- де орналасқан. 

Алмалы ауданы бойынша 3 ошақ –  Желтоқсан көшесі, 125; Жароков көшесі, 16; Жароков көшесі, 7-де орналасқан. 

Медеу ауданында 4 ошақ тіркелді. Олар Зенков көшесі, 59; Достық көшесі, 162; Гоголь көшесі, 75; Қонаев көшесі, 62-де. 

Жетісу ауданында – 2 ошақ бар: Еңлікгүл, 34а, Волочаевская көшесі, 51. 

Түрксіб ауданында 5 ошақ тіркелген: Алтай-1, 8; «Жас қанат» ықшамауданы, 86; Майлин көшесі, 77; Спасская к-сі, 63;  Жұлдыз-2 ықшамауданы, 45. 

Бостандық ауданында – 1 ошақ Тұрғыт-Озал көшесі, 242 мекен-жайында. 

Сонымен қатар, Зенков көшесі, 59 мекен-жайынан 27 наурыз, сағат 00:00-ден бастап шектеу шаралары алынады. Мұндағы тұрғынның коронавирус инфекциясынан емделіп шыққаны бұрын да хабарланды. Аталған емделуші 14 күн ішінде үй карантинінде болады, медицина қызметкерлері денсаулық жағдайына мониторинг  жүргізеді.

Қала билігі алматылықтарды карантин режимін қатаң сақтауға, карантиндік аумақтан аулақ болуға, жеке гигиена шараларын сақтауды, туыс, дос, әріптестері мен және т.б. адамдармен қарым-қатынасты шектеуді сұрайды.

 

АЛМАТЫ