БАҚ тарапынан қайта-қайта қойылған осы сауалға Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі төмендегідей жауап берді.
Сонымен, бұл күндері шаһардағы Әлеуметтік бейімдеу орталығында тұрақты тұрағы жоқ 152 тұрғын бар көрінеді.
Алматыдағы Әлеуметтік бейімдеу орталығын тұрақты тұрағы жоқ 152 тұрғын паналайды. Орталықтың жұмысы штаттық режимде жалғасуда.
Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының мәліметінше, аталған мекеме әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтік-медициналық қызметтерді толық көлемде әрі үздіксіз көрсетіп келеді. Енгізілген карантинге байланысты қызмет алушылардың орталық аумағынан шығуына шектеу қойылды.
Бүгінде тұрағы жоқ азаматтардан өтініш түспеген. Десе де, барлық жағдай бақылауда. Тұрақты тұрағы жоқ азаматтар үшін Көксай кентінде арнайы ғимарат бөлінді. Белгілі тұрағы жоқ азаматтар бұл жерді карантин біткенге дейін паналай алады.
Біз бұл мәселеге қайта оралып, осының анық-қанығын егжей-тегжейлі қозғайтын боламыз.
АЛМАТЫ