Тамақ өнімдерін тұтынудағы импорттың үлесі шамамен 25%, ал азық-түлікке жатпайтын тауарларда - 60% -дан асады.
«Тұтыну инфляциясының өсуін тежейтін факторлар энергия шығындарының төмендеуі. Осы арқылы инфляцияны төмендетуге болады. Қарантин жағдайында тұтынушылық белсенділіктің төмендеуі, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларын мемлекеттік реттеу арқылы инфляция деңгейін төмендетуге мүмкіндік бар» - деп атап өтті ол.
Киселев инфляцияны таргеттеу аясында Ұлттық Банк бағаның өсуін шектеуге бағытталған шаралар қабылдағанын айтты. Атап айтқанда, ол базалық мөлшерлемені 2,75 пайыздық тармаққа көтеріп, 12% пайызға дейін көтерді.
«Біздің бағалауымызша, Қазақстандағы күтілетін инфляциялық өсім 2021 жылдың екінші тоқсанына қарай Ұлттық банктің мақсатты шегінде қалыпқа келуі керек», деп болжайды ол.
Сонымен бірге, тәуелсіз экономист Александр Юрин инфляциялық қысым екі фактордың әсерінен айқын жоғарылағанын атап өтті: Теңгенің құнсыздануы және коронавирустың таралуы туралы аса жағымды емес жаңалықтар адамдардың мінез-құлқын өзгертіп жатыр. Қазір «1990 жылдардағы синдром қайта орала ма» деген қауіп бар көп көңілінде. «Алайда, осы екі фактордың әсері – теңгенің айырбас бағамы және тұтынушылардың мінез-құлқындағы өзгерістер - бәрі ұлттық валюта қандай деңгейде тұрақтандырылатынына және елдегі төтенше жағдай қанша уақытқа созылатындығына, екінші жағынан, кірістердің төмендеуіне байланысты болады. Карантиндік шаралар инфляцияны белгілі бір дәрежеде тежейді, сондықтан ол алдағы айларда айтарлықтай артады, бірақ карантиндік жағдайды нақтыламайынша ешқандай нақты мәндерді болжай алмайтын сияқты» деді ол журналистермен онлайн-чат арқылы кездескен кезде.
Юрин мемлекет бір жағынан әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаны бақылау функцияларын өз мойнына алуы керек екенін, екінші жағынан елдегі ірі мегаполистерде карантинге байланысты жоғалған кірістердің орнын толтыру бойынша бірқатар шаралар қабылдауы қажет екенін атап өтті. Бұдан өзге жол жоқ.
Бұған дейін біз Ұлттық банк 2020 жылдың соңына дейін мұнай мен инфляцияға қатысты болжамын қайта қарады деп жазған болатынбыз. Сондай-ақ Ұлттық банк теңгені еркін айналымға жіберсе де, қажетті кезде бақылау, араласу құқық өзінде қалдырды.
АЛМАТЫ