Қазақстан • 27 Наурыз, 2020

Мешіт пен түрме де маска тігуге кіріскенімен мәселе әлі шешілген жоқ

175 реткөрсетілді

Жасыратыны жоқ, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны күн сайын көбейіп, тіпті, осы індеттен алғашқы адам өлімі тіркелсе де маска тапшылығы әлі күнге шешілген жоқ.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпарат құралдарына берген соңғы мәліметтеріне қарағанда барлық маскалардың күнделікті көлемі 860 608 бірлікті құрайды, оның 272 мыңын фармацевтикалық компаниялар, 587 мыңын – тігін компаниялары дайындауда. Одан бөлек, қоймаларда – 807 120 дана бетперде бар көрінеді.

Індет өршіген сайын маска тігу өндірісі де кеңейіп келеді. Маска тігетін отандық кәсіпорындар бұл іске шамасы жетпей жатқандықтан жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп бетперделер өндірісіне тағы 70-тен астам тігін кәсіпорындары тартылды. Осыдан кейін «Бұл тәулігіне 1 млн. данаға дейін маска өндіруге мүмкіндік береді» деген ақпараттар таратылды.

Маска тігу ісіне тіпті, Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорны, қарапайым тілмен айтқанда, түрмеде жазасын өтеушілер де кірісіп кетті. Қазір қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің өндірістік алаңдарында мыңнан астам тігін станоктары жұмыс істейді. Ішкі істер органдарының қызметкерлері пайдаланатын бір реттік, сонымен бірге көп рет қолданылатын қорғаныш маскаларын тігу жолға қойылып, тәулігіне 50 мың маска шығарады.

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде бетперде тігетін тігін цехы іске қосылды. Тағы бір өңірде осыған дейін қапшық тігіп келген кәсіпорын енді маска тігумен айналысуға көшті. Әлеуметтік желілерде қаншама жеке адамдар масканы қолдан тігіп жатқанын жарыса жазуда. Одан елордада және Ақтөбе облысында маска және антисептикті заңсыз сатқан 40 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 4 млн маска мен 13 мың литр антисептик тәркіленді. Олар денсаулық сақтау мекемелеріне берілді. Міне, маска төңірегінде осындай ақпараттардан аяқ алып жүре алмайсыз.

Бірақ, медициналық бетперде табу әлі қиын. Дәріханалар «жоқ» дегеннен басқаны білмейді. Бүгін таңертең ғана елордалық журналистер әлеуметтік желілерде «дәріханалардан маска жоқ» деген мәселені тағы көтеріп жатыр. Оңтүстіктегі әріптестерімізге телефон шалсақ, оларда да осындай жағдай. Маска жетіспейді. Әкімдер дәріхана кірсе маска толып тұрады, кеткен соң он минутта таусылады. Жергілікті халық әкімдердің бұл әрекетін көзбояушылыққа балауда.

Сонымен бүкіл ел болып жұмылып тігіп жатқан маскалар қайда? Қайда барсаңыз да, еліміздің қай қала, қай ауылына барсаңыз да, маска проблемасы алдыңыздан шығады. Ақпан айының басында Денсаулық сақтау министрлігі отандық бетперде өндірушілер мен дистрибьютерлердің барлық қорды Қытайға сатып жібергенін мәлім еткен болатын. Одан беріде бақылау күшейді, тәртіп қатаңдатылды. Енді қайда кетіп жатыр? Коронавирус күн сайын алқымнан алып, тынысымызды тарылтып келе жатқанда қарапайым бетпердемен қамтамасыз ете алмау халықты тіптен түңілдіріп жібереді емес пе?

Соңғы жаңалықтар

Коронавирус шаш арқылы жұғады

Коронавирус • Бүгін, 12:19

«Алтын Орда» күйін шығарды

Руханият • Бүгін, 11:21

Карантиннен келетін зардап мол

Коронавирус • Бүгін, 11:09

Конкурс жарияланады

Қоғам • Бүгін, 07:57

Көршіңізбен қалайсыз?

Руханият • Бүгін, 07:54

Сөз сойыл №92

Руханият • Бүгін, 07:50

Қажығұмарды қайтеміз?

Таным • Бүгін, 07:47

Тұратыда туған тарландар

Руханият • Бүгін, 07:45

«Штрафбаттың» командирі

Руханият • Бүгін, 07:43

Ұқсас жаңалықтар