Қаламгер өзінің жағдайы туралы дәрігерлердің жақын арада айтып беретінін жазған. Ол оқырмандарын сабырға шақырып отыр. Акуниннің пікірінше, вирустың өзінен гөрі адамдардың вирус жайлы қауіп-қатер мен үрейге толы ой-сезімдері он есе күштірек. Сондықтан ол оқырмандарына ең алдымен сабыр сақтап, өздері мен жақындарын барынша қорғауды айтты.
Борис Акунин - жазушының псевдонимі. Григорий Чхартишвили оның алдында Анна Борисова, Анатолий Брусникин деген әдеби псевдонимдерді пайдаланғаны белгілі. Оны көпшілікке танымал еткен шығармалар – «Стат кеңесшісі» және «Түрік гамбиті».
Ресей Қырымды алмақ болғанда зиялы қауым өкілдерінің ішінде алғашқылардың қатарында қарсылық білдірген еді. Жазушы қазір Францияда тұрады.