Алайда, мына мәселені алға тарта кеткен жөн, бұл күндері қалада дезинфекциялау ісін тиімді жүргізуде кедергілер бар.
Құзырлы мекемелердің айтуынша, қала әкімді көппәтерлі үйлерді дезинфекциялауды 25 наурыздан бастады. Және кіреберістерді залалсыздандыру үш бөлікке бөлінген, яғни күн сайын бірі бөлігі тазарып отыру тиіс. Алайда, кесте бойынша подъездерді жылдам дезинфекциялауға көп жағдайда тұрғындардың өзі кедергі келтіреді. Сертификат талап етеді, кіргізбейді. «Сұйықтықты көз алдымызда араластыр немесе иісі нашар, басқасымен тазала» сияқты жәйттер жиі қайталанады. Сондықтан да бригадаларға түнімен жүруге тура келеді.
Керісінше, қала тұрғындарынан «Дезинфекция жұмыстары қалай-болса солай, салақ орындалып жатыр. Тұрғындарға үйден шықпа деп хабарлап жатқан жоқ. Үндемей келіп әр жерге бір сеуіп кеткен. Онысы құр су сияқты, мүлдем иісі жоқ» деген шағымдар да бар.
Сонымен, Тұрғын үй саясаты басқармасы коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу үшін азаматтарды қабылдауды уақытша тоқтатты, кеңес беру және құжаттарды қабылдау онлайн-режимге ауыстырылды. Азаматтардың қолайлылығы үшін осы мақсатта басқарма ғимаратының 1-қабатында интернетке шығатын компьютерлермен жабдықталған уақытша орындар ұйымдастырылды.
Бұл ретте, Басқарманың барлық ғимараты бойынша әрбір 2 сағат сайын дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып, санитариялық тазарту жүргізіледі. Сонымен қатар, антисептикалық құралдары бар санитайзерлер мен дозаторлар орнатылды.
Басқарма қызметкерлері басшылық құрамды қоспағанда, ауысымдық жұмыс режиміне ауыстырылды.
Аудан әкімі аппараттарымен бірлесіп, Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің әзірлеген алгоритміне сәйкес, тиісті шаралар қабылдау үшін басқару органдарының (ПИК) басшыларына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда:
- дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып, жалпыға қолжетімді орындарды (кіреберістер, тұтқалар және т. б.) күн сайын санитариялық тазалау;
- коронавирусты инфекцияның алдын алу бойынша жадынамаларды кіре берістерге орналастыру;
- аулалар мен аула аумақтарын дезинфекциялау.
Қалада 8494 үйдің 23 613 подъезд және 4082 аула аумағы өңделген. Жұмыстың үлкен көлемін ескере отырып, барлық аудандар бойынша дезинфекциялық өңдеу жүргізу олардың жалпы санынан күніне кемінде 33% қамти отырып, 3 күнге бөлінген. Сонымен, үйлер мен аулалар аптасына 2 рет кесте бойынша өңделетін болады.
2020 жылдың 26 наурызында жоспарланған (2 792 үйдегі) 8 267 кіреберістің 96,6%-ы (7835) және 1148 аула аумағының 94,3%-ы (1082) өңделді. Дезинфекция жұмыстарына 50 бригада, шамамен 350 адам жұмылдырылды. Қалған жұмыс көлемі бір күн ішінде аяқталады.
АЛМАТЫ