Аймақтар • 28 Наурыз, 2020

Қазалыда сақтық шаралары күшейтілді

386 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазір ең өзекті мәселенің бірі  инфекцияның алдын алу бағытында халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып отыр.

Қазалыда сақтық шаралары күшейтілді

Осыған байланысты Қазалы ауданында адам қарасы көп жерлерде дыбыс ұлғайтқыш құралдың көмегімен сақтық шаралары туралы ақпараттар берілуде.

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің автокөлігімен Әйтеке би кентінде адам көп жүретін көшелерде, аулалар мен базарларда, қоғамдық орындарда қауіпсіздік шараларын сақтау туралы айтылып, оқыс жағдайда үрей туғызбау, көпшілік орындарға бармау, жалған ақпарат таратпау, мүмкіндігінше үйде отыру жайлы түсіндірілді.

Соңғы жаңалықтар