Аймақтар • 28 Наурыз, 2020

Еріктілерге ел алғыс айтты

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының волонтерлері коронавирусқа қарсы қадам ретінде қала тұрғындарына өздері тіккен бетперделерді тегін таратты.

Еріктілерге ел алғыс айтты

Облыс орталығындағы  Ескі базар мен «Жайна» сауда орталығының аумағында өткен акцияда игі іспен айналысып жүрген еріктілерге тұрғындар ризашылықтарын білдірді.  

Еріктілер ұйымдастырған қайырымдылық шарасына «Жаңғыру жолы» ЖҚ белсенділері, облыстық этномәдени бірлестіктер, «Жас өркен» колледжі, Қазақ гуманитарлық заң және техникалық жоғары колледжі мен «Бітім» медиация орталығы» қоғамдық ұйымы үлес қосты.