28 Тамыз, 2013

Мамандар өсімдік суаратын құрылғы ойлап тапты

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы «Алатау» инно­­вациялық-технология­лар паркінің аумағында «Гло­бал Грин Индастрис» компа­ния­сының мамандары өсімдікті автоматты түрде суаратын жаңа құрылғы ойлап тапты.

Жаңа құрылғының ерек­шелігін «Глобал Грин Индас­трис» компаниясының бас директоры Лариса Шевченко айтып берді. «Біздің компания мамандары жасап шығарған су құралы ішінде электронды тензиометр бар. Ол 15 сантиметрлік тереңдікке орнатылады. Оның біреуі 1 гектар жерді суарады. Бұл жаңа құрал аст­матикалық қысым негізінде жұмыс істеп, топыраққа су­дың жіберілу жылдамдығын есеп­тейді әрі автоматты түрде тоқтайды. Сондай-ақ, мұнымен бидай және жеміс ағаштарын да суаруға болады», – деді ол.

Шетел компаниясының қыз­меткерлері осы құралды әлем­дік нарыққа шығару туралы ұсыныс айтқан екен. Әзірге оны ойластырып шығарған елі­міз мамандары нақты шешім­ге кел­ген жоқ.

Данияр ТҮЙМЕБАЙ.