Сол сияқты Саусэмптан университетінің ғалымдары егер Қытай елі сақтық шарасын 20 қаңтардан жарты ай бұрын қарастырғанда бұл дертің әлемге таралуы 86 пайыз төмен болуы мүмкін еді дегенді айтады.
2019 жылдың 18 қазанында Жон Хопкинск Денсалық сақтау орталығы мен Дүниежүзілік экономика қауымдастығы Билл Гейтс қорымен бірлесіп, «Егер сақтық шарасын жедел ұйымдастырмаса, коронавирустың таралу симуляциясы 18 айдың ішінде 65 млн адамға жұғады» деген ескертуіне ешкім елең ете қоймағаны қызық. Қазақ «тоқтықтың тойы тарқамас» дегенді осындайда айтса керек.
Өткен жылдың соңғы күндері, яғни 25 желтоқсанда Ухань қалалық 5-ші емхананың гастроэнтерология бөлімінің дәрігері Лью Шиаохон жаңа дерттің пайда болғаны жайлы, бұл аса жұқпалы әрі қауіпті дегенді айтқанымен, жергілікті билік үш апта өткен соң барып қозғала бастаған.
Қытайдың дәрігер мамандары: «Сақтық шарасын қабылданудан бұрын вирус Ухань қаласына баяғыда тарап үлгерді. Бұл оқиға жайлы коммунистік жүйе ақпарат тартуға асықпағандықтын жағдай ушықты, ең болмағанда вирус ошағы пайда болған базарды ертерек жауап тастағанда мұндай күйге тап болмас едік» дейді.
2019 жылдың 30 желтоқсан күні Ухань қалалық жедел жәрдем стансасының бөлім меңгеруші Ай Фен бастаған 8 дәрігер қауіпті вирус етек алғаны жайлы дабыл қақты. Бұл сегізді «жалған ақпар таратты» деген жаламен 3 қаңтарда қамап тасады. Бұлардың арасында кейін вирус жұқтырып, өмірімен қоштасқан дәрігер Ли Вэнлиан да бар екен. Қытай билігі бұл адамдардың дабылына құлақ түргенде жағдай басқаша болар ма еді.
1 қаңтар күні Шанхай қалалық денсаулық сақтау клиникасының профессоры Зан Ионжэн бастаған зерттеу тобы вирустың гендік сипатын анықтап, бұдан келер қатерді айтқанымен, билік бұлардың аузына қақпақ қойды. Тіпті лабораториясын жауып тастады. «Бұл Қытайда ақпараттық ашық саясат болмауының кесірі» дегенді алға тартады әлем сарапшылары. Егер бұлай болмағанда халықаралық вакцина жасау орталығы қауіпті вируске қарсы дәрі жасау шарасын ертерек қолға алатынын айтқан.