Бүгінгі күнге дейін 58 жағдай тіркелсе, оның екеуі емделіп шықты. Қазіргі уақытта қаладағы жұқпалы аурулар стационарында 56 науқас бар, соның екеуі бала.
Жаңадан анықталған 10 науқастың бесеуі 27 наурызда Санкт-Петербург–Алматы рейсімен, біреуі 26 наурызда Ыстамбұл–Алматы, ал қалған екеуі Мәскеу–Алматы рейсімен ұшып келген. Тағы екеуі індет жұқтырушылармен байланыста болған.
Барлық науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Жалпы, бүгінде ем-дом қабылдап жатқан 51 науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Тек бір ересек науқастың жағдайы ауыр болса, төрт емделушінің жағдайы орташа, оның ішінде бала да бар. Провизорлық орталықтарда 854 адам бар, оның 86-сы бала.
Үй карантинінде 2037 адам жатыр.
АЛМАТЫ