Технология • 28 Наурыз, 2020

Эпидемия жеңіпмазы – бұлттық есептеулер

1019 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Бұлттық есептеулер коронавирус пандемиясы шарттарында жұмыс істеуге тырысып жатқан үкімет пен компанияларды байланыстыратын үлкен маңызға иеленіп отыр.

Эпидемия жеңіпмазы – бұлттық есептеулер

Бұлттық есептеулер қызметін көрсетушілер коронавирус пандемиясы кезінде корпоративтік сектордағы тасы өрге домалағандардың бірі болып отыр. Өйткені АҚШ-та кеңселер мен дүкендердің жабылуы интернеттегі белсенділіктің артуына алып келді.   

Amazon.com Inc., Microsoft Corp., Google және басқа компаниялар ұсынатын ақпараттармен қашықтан жұмыс қызметтері жұмысымен, отбасымен байланыста болғысы келгендер үшін маңызды байланыс құралына айналды.

Әдетте «бұлт» деп аталатын технология саласындағы алып компаниялардың құрылғы және бағдарламалық инфрақұрылымы сол компаниялардың атқаратын жұмыстарының негізінде жатыр. Вирус эпидемиясы кезінде ерекше танымалдылыққа ие болған компанияларды атап айтар болсақ,  Slack Technologies Inc. бірлесіп жұмыс жасауға арналған бағдарламамен қамту қызметін көрсетеді, ал Netflix Inc. компаниясының WORK видео қызметі бар, сонымен бірге онлайн ойындар жасаушы Epic Games Inc. компаниясын да көрсетіп өткен жөн.

Тұтыншуылардың көбейгені сонша Microsoft өзінің Azure бұлттық қызметінің Аустралияда әдеттегі шамасынан тыс жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

«Azure пайдалануышлардың күрт өсуіне байланысты кебір аймақтарда істен шығып жатыр», деді компания өкілі. Оған қоса тұтынушының ескертуінен кейін Microsoft кейбір бұлт ресурстарына шектеу қоятынын мәлімдеді.

«Егер бұлт жүйесін қызмет ретінде қарастырсақ, жарық, су не кәріз жүйесі  сияқты коммуналды  қызмет түрлерінің күнделікті мөлшерден 50 пайызға көп қолданғанына төтеп бере алатынын елестету қиын», деді Cloudflare Inc. бұлттық провайдерінің атқарушы директоры Мэтью Принс.

Бұлттық жүйеге көшу он жылдан бері жалғасып келеді. Өйткені компаниялар өзінің жеке IT инфрақұрылымына көп инвестиция құюдан бас тартып, оның орнына ақпараттарды өңдеу үшін Amazon немесе Microsoft сияқты компанияларға ақпаратты сақтап, өңдегені үшін ақша төлеп, бағдаралама не құрылғыны жалға алады. Мұндай тенденциялар бұлттық есептеулерді бизнес-провайдерлер арасындағы таласты тақырыпқа айналдырды.

«Amazon мен Azure және инфрақұрылымды пайдаланудың екі аптада қалай өскенін қарайтын болсаңыз, жұмысын жалғастыру үшін қаншама ресурстарын күшейту керек болғаны таң қалдырары анық», деді Дэйв МакДжаннет дәстүрлі және бұлттық сервистерді құрылғымен қамтамасыз ететін HashiCorp Inc. компаниясына.  

Ал Amazon өкілі бұл сервистің қолданылу көрсеткіштері туралы талқылаудан бас тартты. Алайда «Дайындық шараларын қолға алдық және пандемия шарттарында тұтынушыларымыздың қажеттіліктерін қанағаттандыра алатынымызға сенімдіміз» деді.

«Әлемдік құлдыраудың әсерін бұлттық технологиялар саласында қызмет көрсететіндер де сезетіні күтілуде. Олардың көбі әуе компаниялары мен қонақүйлерге қызмет көрсетеді. Олар да өз кезегінде вирустың өршуінен жапа шекті. Қазір шығындарын азайтып жатыр, ал бұл жақын арада бұлт сервистеріне бөлетін  шығындарды азайтуы мүмкін дегенді білдіреді», деді Duckbill Group компаниясының бұлттық есептеулер бойынша экономисі Кори Куинн.

Не дегенмен бұлт платформаларына негізделген бағдарламалық құрылғылар сататын кейбір стартаптар өз өнімдеріне қызығушылықтың артқанын айтады. Qumulo Inc. компаниясы әр түрлі бұлт провайдерлерінде ақпарат сақтайтын тұтынушыларға оларды өңдеуге, басқаруға көмектесетін бағдарлама сатады. «Жақында компания сұранысы күрт өсті. Өйткені жұмысшылар үйден жұмыс істеуге көшті», деді компанияның бас директоры Билл Рихтер.

Аарон Тилли

Wall Street Journal

Аударған Светлана ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ,

«Egemen Qazaqstan»