Әлем • 28 Наурыз, 2020

24 қазақстандық Тәжікстаннан оралды - СІМ

144 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

24 қазақстандық Тәжікстаннан оралды - СІМ

«Біздің азаматтарымызды шет елдерден қайтару жөніндегі шаралар аясында, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Сыртқы істер министрлігінің, сондай-ақ Тәжікстанның мемлекеттік органдарының бірлескен күш-жігерімен  28 наурызда осы мемлекеттен біздің отандастарымыз елге шығарылды. Қазақстанның Әскери-әуе күштерінің әскери-көлік авиациясының қолдауымен 24 ҚР азаматы елге аман-есен шығарылды. Бұл азаматтар Тәжікстан аумағында болған және тәжік билігі қатаң шектеу шараларын енгізгеннен кейін шыға алмай қалған», делінген ақпаратта. 

Айта кету керек, осы борт арқылы Тәжікстанның 23 азаматы өз отанына оралды.