Қазақстан • 28 Наурыз, 2020

Балалардың қашықтан қосымша білім алуына арналған платформалар тізімі

1272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім және ғылым министрлігінің телеграм каналында онлайн платформалардың тізімі жарияланды.

Балалардың қашықтан қосымша білім алуына арналған платформалар тізімі

COVID-19 вирусының таралуына байланысты жарияланған карантин кезеңінде балалардың қашықтан қосымша білім алуына мүмкіндік беретін арнайы платформалар тізімін ұсынамыз:

- Алматы қаласы Оқушылар сарайының бағдарламалары қашықтық форматында қол жетімді (инфо-сабақтар). Білім беру Zoom технологиясына негізделген.

- Қазақстан Ұлттық кітапханасының Электрондық платформасынан көптеген шығармаларды, мақалаларды, газеттерді, журналдарды табуға болады. Сілтемесі http://kazneb.kz

- Өздігінен қазақ тілін үйренуге арналған материалдар: https://t.me/qazaqtili_birge, https://t.me/qazaqtili_channel

- KazTub онлайн-кинотеатры тегін жұмыс істей бастады. 100-ден аса фильм қол жетімді, оның ішінде отандық фильмдер де бар. 20-дан астам мультсериал көрсететін Kaztube.balapan блогы да қосылды.

- Coursera студенттерге 3800 онлайн-курс ашты. https://www.coursera.org/

- ҰБТ-ға, қорытынды аттестаттауға және ОЖСБ дайындалуға арналған онлайн-тренажер жұмыс істейді. Сілтемесі https://itest.kz/ru

- "Филин" – иллюстрацияланған жануарлар энциклопедиясы. http://www.filin.vn.ua/index.html