Тарих • 28 Тамыз, 2013

Бауырластар зиратындағы 128-дің бірі

430 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Жуырда «Егемен Қазақстан» га­зеті қосынының табалдырығынан әріп­тесіміз, облыстық «Маңғыстау» газе­тінің фототілшісі С.Майемеров қуа­на аттады. Интернет арқылы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан атасы Ұзақ­бай Түрікменбайұлын үздіксіз іздеп жүр­ген ол қаңтар айында бір дерекке қол жеткізгендей болған еді. Қыс бойы сайттағылармен хат алмасып, дерек­тер­дің анықтығына көз жеткізумен бол­ды. Жаз шығып, еңбек демалысына шы­ғысымен көрікті жер іздеп демалуға емес, атасы жерленген орынға барып қайтуды жөн санады

Косовка братская могила

0276

Жуырда «Егемен Қазақстан» га­зеті қосынының табалдырығынан әріп­тесіміз, облыстық «Маңғыстау» газе­тінің фототілшісі С.Майемеров қуа­на аттады. Интернет арқылы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан атасы Ұзақ­бай Түрікменбайұлын үздіксіз іздеп жүр­ген ол қаңтар айында бір дерекке қол жеткізгендей болған еді. Қыс бойы сайттағылармен хат алмасып, дерек­тер­дің анықтығына көз жеткізумен бол­ды. Жаз шығып, еңбек демалысына шы­ғысымен көрікті жер іздеп демалуға емес, атасы жерленген орынға барып қайтуды жөн санады.

Түрікменбаев Ұзақбай аласапыран жылдары Маңғыстаудан үдере көшіп, Түрікменстанға табан тіреген қалың қазақтың көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарының бірі болады. Орынбор қаласынан әскери оқу орнын бітіріп келген ол елде қатардағы милиция, милиция бөлімінің бастығы боп қызмет етеді. Соғыс басталысымен, яғни 1941 жылдың қазан айында бірге қызметте жүрген 18 милицияның біреуі ғана жасына байланысты қалдырылып, қалғандары түгелдей майданға аттанады. Кейін ағасы Майемердің үйіндегі жеңгесі «қайным соғысқа кетерде шұлғауын орап, керзі етігін киіп отырып «ызғарлы болды-ау табаным, қайғылы болды-ау заманым» деген еді», деп еске алады екен.

Украина майданына түскен одан араға біраз уақыт салып саусақтарын оқ жұлып түскендіктен госпитальда емделіп жатқандығын, тәуір болысымен қайтадан соғысқа кіретіндігін айтқан хат және екі саусақсыз түскен сурет келеді. Ал 1943 жылы желтоқсан айында қара қағаз келіп тынады. Артында қалған үш жасар қызы қарамықтан шетінеп кетеді де, азаматтың шаңырағының көмескі оты біржолата сөнеді. Қазақтың бауырмалдық сыйластығына сай, ағасы Майемердің ұлы Сәрсенбай 18 жасқа толғанға дейін Ұзақбай ағасының атында болады.

– Қара қағаз келгенмен, атамыздың қайда жерленгенін білмей келген едік. Ғаламтор арқылы хабары шыққан соң, қалай шыдарсың? Еңбек демалысымды алғаннан кейін ағаммен бірге Киевтен бір-ақ шықтым. Одан әрі пойызбен, таксимен жүріп отырып, Кировоградская облысындағы Александровский ауданының Косовка селосындағы бауырластар зиратына атбасын тіредік. Украиндар да өзіміз секілді қонақжай халық екен, таң атысымен малдарын өріске айдап жүрген олар зират басынан бізді көріп, маңымызға жинала бастады. Бірі ауылдың әкімін, яғни селсоветтерін шақырды.

Бауырластар зиратында 128 жауынгер жерленген екен, соның тек екеуі ғана қазақ. Бірі – менің атам, екіншісінің аты-жөні – Халмұратов Нұрмұран. Әріп қателері болуы да мүмкін, себебі менің атамды «Туркумбаев» деп жазған. Және бір айта кетерлігі, осы боздақтардың көпшілігі 1943 жылғы 27-28 қараша күндері ажал құшыпты. Мұражайдағы және сайт арқылы тапқан деректерде атамды сержант, бөлім командирінің орынбасары деп тіркеген. Ал зиратта «қатардағы жуынгер» деп жазылыпты. Атамыздың рухына бағыштап Құран аяттарын оқып, қос уыс топырағын алған біздерге селсовет Сергей Дюков зираттың мектеп қарауында екендігін, үнемі тазалық жұмыстарын жүргізіп отыратындығын айтты. Зират басына жиылғандарды дереу үлкен залға жиған басшы бізге зор ризашылығын білдіріп, Косовкаға бауырларын іздеп, алыстан келген алғашқы қонақтар екендігімізді жеткізді.

Косовка кескілескен соғыс жүрген жер, бүгінде жасыл алқапқа бөккен орманды дала табанында қанды ойрандар ізі жатыр. Тіпті, күні бүгінге дейін тұрғындар соғыстан қалған сарқыншақ белгілерді – адам сүйектерін, қару-жарақ сынықтарын тауып алады екен. Жауын-шашынды күндер соғыс қимылдарына да өзіндік әсерін тигізіпті. Косовканы басып алған немістер ауылдың бір бетіндегі биік жалға тек танкілермен ғана шығу мүмкін болғандықтан, өзге қару-жарақтарын осы ауылға шоғырландырған көрінеді.

Серіктің тағы бір жаңалығы, жергілікті тұрғындардың айтуымен с

Соңғы жаңалықтар