Коронавирус • 29 Наурыз, 2020

Қазақстанда 18 адам коронавирустан жазылып шықты

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда - 13, Алматыда 5 науқас коронавирус дертінен айығып, үйлеріне шығарылды.

Қазақстанда 18 адам коронавирустан жазылып шықты

Солардың бірі - 12 жастағы жасөспірім. Ол вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алды. Ауру жеңіл түрде өтті. 

Сондай-ақ кеше тағы екі пациент шығарылды. Олардың барлығы медицина қызметкерлерінің бақылауында үйде 14 күндік карантинде болады.

«Ересектерге арналған жұқпалы аурулар ауруханасынан екі ер адам емделіп шықты. Біреуі 1962 жылғы ер адам. Ол 13 наурызда Берлин-Минск-Алматы бағытындағы чартерлік рейспен келген. Екіншісі – 15 наурызда Сеул-Алматы рейсімен келген 1995 жылғы азамат», - деп хабарлады қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.Олардың барлығы медицина қызметкерлерінің бақылауында үйде 14 күндік карантинде болады.

Айта кету керек, кеше Нұр-Сұлтан қаласындағы стационардан 10 адам шығарылатынын хабарлаған едік.