Әлем • 29 Наурыз, 2020

Әскерилер Тәжікстаннан қазақстандықтарды эвакуациялады

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тәжікстаннан 26 қазақстандық елге оралды. Қазақстан азаматтары бар ұшақ Алматы әуежайына сәтті қонды, делінген ҚР Қорғаныс министрлігінен жолданған ақпаратта. Осы жолы әскерилер С-295 әскери-көлік ұшағымен Шымкент қаласынан Тәжікстанға сол елдің 20 азаматын жеткізді.

Әскерилер Тәжікстаннан қазақстандықтарды эвакуациялады

Ел Президентінің нұсқауына сәйкес еліміздің Қорғаныс және Сыртқы істер министрлігі, сондай-ақ Тәжікстанның мемлекеттік органдарының бірлескен күш-жігерінің нәтижесінде отандастарымыз елге оралды. Қауіпсіздік мақсатында  олармен бірге әскери дәрігерлердің медициналық тобы бірге ұшып келді. Елге оралған қазақстандықтардың арасында коронавирусты жұқтырғандар жоқ. Барлық жолаушылардың денсаулықтары қалыпты. Дегенмен, талапқа сәйкес елге оралғандар медициналық тексеруден өтіп, инфекциялық бақылау талаптарын сақтай отырып, карантинге орналастырылады.

Бұған дейін Қазақстан ӘӘК әскери-көлік авиациясы мамандары Сауд Арабиясынан 33, Кувейттен 2, Қырғызстаннан 21 қазақстандықты эвакуациялаған болатын.

Отанына оралған қазақстандықтар Қазақстан Үкіметі мен Қорғаныс министрлігіне алғысы шексіз екендігін білдірді.

 

АЛМАТЫ