Аймақтар • 29 Наурыз, 2020

Қосшыда тұратын тағы бір адамнан коронавирус анықталды

685 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады. 

Қосшыда тұратын тағы бір адамнан коронавирус анықталды

Коронавирус 1953 жылғы ер адамнан анықталды. Қосшы ауылында тұратын ол бұған дейін ауру адаммен тығыз байланыста болғандықтан, «Көкше» облыстық оңалту орталығының карантиндік стационарында жатқан. Емдеу шаралары науқастардың ауру белгілері және жалпы жағдайын ескеріліп, тиісті хаттамаға сәйкес жүргізіледі.

Қазіргі кезде облыстағы стационарларда 92 пациент жатыр. Инфекциондық – 4 пациент (АОПТД). провизорлық - 39 пациент. Карантиндік стационарларда 49 адам. Жалпы 434 адам бақылауға алынды.