Аймақтар • 29 Наурыз, 2020

Коронавирус: Экспресс-тестті кімдер тегін тапсырады?

122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ағзадағы коронавирусты жылдам анықтайтын экспресс-тесттен халықты өткізу шамамен 1 сәуірден басталады. Бұрын сараптаманың нәтижесін алу үшін 6-12 сағат күтуге тура келсе, бұл тест аурудың бар-жоғын сол мезетте анықтайды.

Коронавирус: Экспресс-тестті кімдер тегін тапсырады?

Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі және сапаны бақылау комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекованың inbusiness.kz порталына берген мәліметі бойынша, елімізге әзірше экспресс-тесттің 170 мың данасы жеткізіледі. Министрлік қазірдің өзінде коронавирусқа тексерілетін азаматтардың тізімін жасап қойған. Тізімдегілер «Олимп» клиникалық-диагностикалық орталықтарында тестті тегін тапсырады. Олардың қатарында тыныс алу жолдарының сырқаты бойынша диспансерлік есепте тұрғандар, әлеуметтік жағдайы әлсіз топтар мен қарттар бар.

Экспресс-тесттер келіп түскен уақытта Денсаулық сақтау министрлігі бұл туралы ресми түрде жариялайды. Бұдан кейін тесттен өткісі келген барлық адам зертхананың  сайтындағы арнайы анкетаны толтыруы керек. Әрі қарай анкета автоматты түрде өңделеді де азаматтар бірнеше топқа жіктеледі. Экспресс-тесттен өтуге мұқтаж топты министрлік іріктеп, оларға хабарласып, үйіне жақын орналасқан зертханалардың біріне барып анализ тапсыруға шақыратын болады.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ