Аймақтар • 29 Наурыз, 2020

Алматыда 7 індет ошағынан шектеу шаралары алынды

202 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ауру жұқтырған адамдармен байланыста болған тұлғалардан коронавирус инфекциясына тән клиникалық симптомдардың белгісі болуы мүмкін деген мерзімнің, яғни инкубациялық кезеңнің аяқталуына байланысты, төмендегі мекен жайлардағы 7 індет ошағында шектеу шаралары алынып тасталды:

Алматыда 7 індет ошағынан шектеу шаралары алынды

– Медеу ауданы – Зенков көшесі 59; Достық көшесі 162;

– Түрксіб ауданы – «Алтай» ықшамауданы -1, 8; «Жас қанат» ықшамауданы 86; Майлин көшесі 77; Спасский көшесі 63а;

– Жетісу ауданы – Еңлікгүл 34 а.

Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің мәліметінше 29 наурыз, сағат 13:30 жағдай бойынша Алматы қаласы аумағында коронавирустық инфекцияның 21 ошағы бар.

Әуезов ауданындағы инфекцияның 2 ошағы – Жетісу-2 ықшамауданы, 70а;  Мамыр-4 ықшамауданы, 313 мекен-жайында орналасқан.

Алатау ауданы бойынша 5 ықшамауданда инфекция ошақтары тіркелді. Олар Заря-Востока ықшамауданы, Сары-ой, 234 көшесі; Ақкент 7 ықшамауданы; Ақбұлақ ықшамауданы 9, Жасыл Желек көшесі, 13; Тойшыбек батыр 121.

Алмалы ауданында Желтоксан көшесі, 125; Жароков көшесі, 16; Жароков көшесі, 7 мекен-жайлары бойынша инфекцияның 3 ошағы бар.

Медеу ауданы бойынша 4 ошақ тіркелген. Олар – Гоголь көшесі, 75; Қонаев көшесі, 62; Самал-3 ықшамауданы, 25; Достық, 111/2.

Жетісу ауданында Волочаевская көшесі, 51; Помяловский көшесі, 25; Құлагер ықшамауданы 45 мекен-жайлары бойынша инфекцияның 3 ошағы тіркелген.

Түрксіб ауданындағы 2 ошақ келесі мекен-жайларда тіркелді: Жұлдыз ықшамауданы, 45;  Жұлдыз ықшамауданы -1, 13.

Бостандық ауданында бір ошақ тіркелген. Ол – Тұргыт-Озал, 242.

Наурызбай ауданы бойынша бір ошақ бар. Береке көшесі, 1/97.