Аймақтар • 29 Наурыз, 2020

Елімізде бір күнде бір миллион маска шығарылады

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев хабарлады. 

Елімізде бір күнде бір миллион маска шығарылады

«Қазір елімізде бір күнде миллионға жуық маска шығарылуда. Оның 70% – тігін фабрикалары, 30% – фармацевтикалық компаниялар тігуде. Әдейі алыпсатарлық әрекеттер жасалмаса, маска тапшылығы болмауы керек. Оған елімізде өндіріс қуат толықтай жетеді», - деді министр.