Аймақтар • 29 Наурыз, 2020

Батыс Қазақстан: Науқастардың біреуі Саратовтан, екіншісі Атыраудан келген

509 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған әйелдің біреуі Саратовтан, екіншісі Атыраудан келген. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Қаюпов брифинг барысында айтты.

Батыс Қазақстан: Науқастардың біреуі Саратовтан, екіншісі Атыраудан келген

Екеуі де – БҚО тұрғындары, олар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Қазіргі кезде ауырған адамдармен байланыста болғандар анықталу үстінде. Күні бүгін карантиндік және провизорлық стационарда барлығы 65 адам жатыр, бәрінің жағдайы қанағаттанарлық.

БҚО-ның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Мұхамғали Арыспаевтың сөзіне қарағанда, Ресейден келген әйел 24 наурыз күні шекарадан өткен. Содан кейін үйінде оқшауланған. Төрт-бес күннен соң аурудың алғашқы белгілері байқалғаннан кейін провизорлық госпитальға жатқызылды.

 Қазіргі таңда екі науқастың дағ жағдайы жақсы.