Спорт • 29 Наурыз, 2020

Қазақстандық триатлоншылардың 2020 жылғы рейтингтік турнирлері белгілі болды

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан триатлон федерациясы 2020 жылғы рейтинг кестесін жариялады деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстандық триатлоншылардың 2020 жылғы рейтингтік турнирлері белгілі болды

Рейтингке сәйкес PRO және Age Group кезеңдері бойынша ҚТФ аясында өткізілген жарыстағы атлеттер рейтингі жасақталады.

Маусым соңында рейтинг нәтижесімен ТЕМІРАDAM кубогінің жекелей және клуб бойынша жеңімпазы анықталады.

6 кезеңнен және бір финалдан тұратын TEMIRADAM кубогі 2020 жылы төмендегідей жоспарланған (кесте коронавирус пандемиясына дейін жасалған):

  1. «TEMIRADAM» кубогінің І кезеңі, Ташкент, 2-3 мамыр;
  2. TEMIRADAM» кубогінің ІІ кезеңі, Қостанай, 6-7 маусым;
  3. TEMIRADAM» кубогінің ІІІ кезеңі, Бішкек, 20-21 маусым;
  4. TEMIRADAM» кубогінің ІV кезеңі, Бурабай, 4-5 шілде;
  5. TEMIRADAM» кубогінің V кезеңі, Павлодар, 25-26 шілде;
  6. TEMIRADAM» кубогінің VІ кезеңі, Алматы, 8-9 тамыз;
  7. «TEMIRADAM» кубогінің финалы, Ақтау, 19-20 қыркүйек.