02 Сәуір, 2010

КӨҢІЛ АЙТУ ЖЕДЕЛХАТЫН ЖОЛДАДЫ

590 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Халифа бен Зайед Әл-Нахаянға бауыры шейх Ахмед бен Заид Әл-Нахаянның әуе апаты салдарынан мезгілсіз қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Көңіл айту жеделхатында “Сізге барша Қазақстан халқының атынан және жеке өз атымнан азалы көңіл айтамын. Марқұмның жаны жәннатта, топырағы торқа болсын. Алладан оның жақын-туыстарына сабырлылық пен төзімділік беруді тілеймін”, делінген.